94 млн теңге: Өскеменде ірі көлемде ақша ұрлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

94 млн теңге: Өскеменде ірі көлемде ақша ұрлағандар ұсталды ШҚО ПД

Өскемен қаласында кеңсе сейфін бұзып, 94 млн теңгені ұрлап кеткен екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен қаласында кеңсе сейфін бұзып, 94 млн теңгені ұрлап кеткен екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ер адам қаладағы кеңселердің бірінен ірі көлемде ақша ұрлаған.

"Ұрлық фактісі бойынша полицияға арыз түсті. Жәбірленушілер белгісіз біреулердің кеңседегі сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын жеткізді. Ұрылар қылмыс орнынан кету жолдарын алдын ала ойластырып алған", - делінген хабарламада.

Олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен. Осылайша қашып құтылмақ болады. Бірақ ойлары іске аспады.

"Полиция қызметкерлері бірнеше күнге созылған жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Ер адамдар сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети