Президент Үкімет жұмысын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Үкімет жұмысын сынға алды Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды тарту бойынша Министрлер кабинетінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде трансұлттық компаниялар келмесе, индустриализацияны іске асыру қиын. "Олармен бірге біз жаңа өндірістерді ашамыз. Бізде болса, шетелдіктермен тілдесіп, осы мәселелерді шеше алатын адам жоқ. Мәселе сонда болып тұр. Сіздер (Үкімет мүшелері - авт.) оны істейсіздер, болмаса, бұны басқа үкімет жасайды. Мен алдын ала ескертемін. Себебі басқаларға қарағанда, бізде біраз артықшылықтар бар. Ал біз оның барлығын пайдалана алмай жатырмыз", - деді Н.Назарбаев. Осыдан кейін Президент нақты сұраққа тұшымды жауап бере алмаған экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевты сын тезіне салды. "Сен нақты сұрақ бойынша тым көп сөйлейсін. Олай экономика министрін ешкім түсінбейді. Адамның тілімен айтпайсын ба? Мен нақты сұрақ қойып отырмын ғой... Ішкі индустриализацияға сыртқы инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнес мәселелері. Мен оны жайдан-жай қозғап отырған жоқпын. Бүгінде халықаралық институттар осы салаларға келуге мүдделі. Ал неге олар келмейді? Алдымен нақты тізім жасап шығу қажет. Оларға не керек және не істеуді қалайды. Болды. Бұдан кейін түсініксіз дәрістерді оқудың қажеті жоқ", - деп атап көрсетті Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети