14 ақпан 2014 | 14:47

Бакиевтердің кәсіпкерге жасаған қастандығы сотта қаралады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бішкектің Бірінші май аудандық соты. © ©Jogorku.sot.kg Бішкектің Бірінші май аудандық соты. © ©Jogorku.sot.kg

Қырғызстанда Бакиевтер отбасын ағылшын кәсіпкері Шон Дэйлиді өлтіруге әрекеттенді деп айыптау жөніндегі сот процесі басталады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елдің Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша. Бұл оқиға 2006 жылдың 7 шілдесінде болған. Белгісіз біреу бизнесменнің ту сыртынан оқ атып, ізін жасырған. Дер кезінде медициналық жәрдем көрсетілген Дэйли аман қалды. Тергеушілер 2005 жылдың соңында Максим Бакиевтің өз әкесі - бұрынғы президент Құрманбек Бакиевпен бірге "Джеруй" кен орнынан алтын өңдеуге заңсыз түрде айрықша құқық иеленуге және кейін оны қайта сатуға тырысқанын анықтады. Ол кезде кен орнын пайдалану лицензиясы Oxus Gold компаниясына тиесілі болған, Шон Дэйли - сол компанияның өкілі. Оның инвестициялық ұсыныстары бойынша кен орнындағы Қырғызстанның үлесі 50% болуы керек. Алайда, тергеудің мәліметінше, Құрманбек Бакиев ағылшын компаниясымен ынтымақтастықтан бас тарту туралы заңсыз жарлық шығарған. "Максим Бакиев Шон Дэйлидің қоғамдық серпіліс туғызған ұсынысы алтын кенішін иелену туралы қылмыстық мақсатты жүзеге асыруға кері әсер ететінін білген. Сондықтан Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының көмекшісі болып қызмет ететін бауыры Марат Бакиевпен және Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет еткен ағайыны Жаныбек Бакиевпен Шон Дэйлиді өлтіруді ойластырған. Максим оларға әкесінің Дэйлиді өлтіру туралы нұсқауын жеткізген", - делінген қылмыстық іс материалдарында. Тапсырыспен кісі өлтіру дерегіне қатысты материалдар сотқа жіберілді. 27 ақпанда Бішкектің Бірінші май аудандық соты істі қарауды бастайды. Іс бойынша айыпкерлер - Құрманбек, Жаныбек, Максим, Марат Бакиевтер.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer