Astana LRT станциясының маңында өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Astana LRT станциясының маңында өрт шықты ТЖМ

Елорда өртсөндірушілері Astana LRT аялдама павильонында шыққан өртті сөндірді. Оқиға Нұрмағамбетов көшесіндегі Сарайшық ықшамауданы маңындағы аялдамада болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен бойда, салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінен түтін шыққаны анықталды. Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген.

Өртсөндірушілер жедел түрде өртті сөндіріп, оттың көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети