Абай облысында 5 учаскеде өрт сөндіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында 5 учаскеде өрт сөндіріліп жатыр Фото: instagram/semey_city_

Абай облысында 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар минисрлігінің Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 тоннаға жуық су ағызылды.

Алматы қаласы, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменттері жіберген күштер мен құралдар, Қарағанды және Алматы облыстарының ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз функциясын атқарып жатыр.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети