Абай облысында аяғы сынған малшы бес күн далада қалып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында аяғы сынған малшы бес күн далада қалып қойған Видео кадры

ТЖМ қызметкерлері далада 5 күн жатқан малшыны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ТЖМ қызметкерлері далада 5 күн жатқан малшыны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше түнде құтқару қызметіне адамның жоғалғаны туралы хабар түсті. 17 наурызда 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның орналасқан жері белгісіз болып, телефоны сөндірулі болған.

Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.

Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

Бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалғаны белгілі болды. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ат иесінен алыстап кеткен, ал ол далада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген. Бақытымызға орай, ауа райының салыстырмалы түрде жылы болуы үсіп қалудың алдын алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети