Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды Фото: polisia.kz

Абай облысындағы тасжолдың бірінде екпіні күшті желдің салдарынан жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы тасжолдың бірінде екпіні күшті желдің салдарынан жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция оқиғадан зардап шеккендердің бар-жоғын айтпады.

"14 желтоқсанда күндіз Алматы - Өскемен тасжолының 938-шақырымында соққан жел техникадан күштірек болып, Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жеткен. Тексеруден кейін, алдын ала мәлімет бойынша, полицейлер оқиғаға қолайсыз ауа райының себеп болғанын анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети