Абай облысында "Жасыл ел" еңбек жасағы алғашқы маусымының жабылу салтанаты өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында "Жасыл ел" еңбек жасағы алғашқы маусымының жабылу салтанаты өтті Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл бұл шараны Жарма ауданының Қалбатау ауылында өткізу жоспарланды. Оған Жарма ауданы жастарының 2023 жылғы маусымдағы ерекше белсенділігі себеп болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл бұл шараны Жарма ауданының Қалбатау ауылында өткізу жоспарланды. Оған Жарма ауданы жастарының 2023 жылғы маусымдағы ерекше белсенділігі себеп болды.

"Абай жастары" жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген салтанатты шараға Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қатысты.

"Бүгін, міне, Жарма ауданының төрінде үлкен шараның басында жиналып отырмыз. Ондағы мақсат - жаз бойы табан үзбей, маңдай терілерімен еліміздің дамуына, көгалдануына, өсіп өркендеуіне мейлінше үлес қосқан жастарымызды ұлықтау, марапаттау. Жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін", - деді Айдар Садырбаев.

Басқарма басшысы салтанатты жиында қалалар мен аудандардан келген бірқатар өкілдерге облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармды табыстады.

Сондай-ақ, "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының алғашқы еңбек маусымындағы эко челленджге белсенді қатысқан аудандар және "Үздік сарбаз", "Үздік жасақ командирі", "Үздік акция", "Үздік іс-шара" және тағы басқа да номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Алғашқы маусымның нәтижесі бойынша "Үздік аудан" аталымын – Абай ауданы, "Үздік қала" аталымын – Курчатов қаласы және "Үздік штаб" аталымын Үржар ауданының сарбаздары иеленді.

Жалпы, "Жасыл ел" бағдарламасы аясында биыл өңірде 700-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды.

Салтанатты жиын мәдениет саласы үздіктерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Абай облысы әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.81  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети