Абай облысындағы 14 қызметкердің өлімі: сотқа дейінгі тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы 14 қызметкердің өлімі: сотқа дейінгі тергеу басталды Фото: Tengrinews.kz

Экология министрлігі Абай облысында орман шаруашылығының 14 қызметкерінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология министрлігі Абай облысында орман шаруашылығының 14 қызметкерінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртті сөндіруге қатысқан бес жұмысшының кім екені анықталды:

  • Серікжан Тоқтасын, 27 жаста;
  • Александр Сидорин, 39 жаста;
  • Саят Нұржігітов, 51 жаста;
  • Алексей Губаев, 30 жаста;
  • Амангелді Дүйсембаев, 59 жаста.

Өрт сөндіру орнында табылған тағы тоғыз адамның жеке басы анықталып жатыр.

Бұған дейін орман шаруашылығының 14 қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болған еді. Экология министрлігі қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети