Абай облысындағы колонияда бір тұтқын төбелестен кейін көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы колонияда бір тұтқын төбелестен кейін көз жұмды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде бір тұтқын өзімен бір камерада отырған адамды өлтіріп қойды. Оқиға туралы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде бір тұтқын өзімен бір камерада отырған адамды өлтіріп қойды. Оқиға туралы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, екеуінің арасындағы жанжал қауіпсіздігі ең жоғары деңгейдегі мекемеде шыққан.

"Кикілжің кезінде сотталғандардың бірі екіншісіне ауыр жарақат салған. Соның салдарынан жәбірленуші көз жұмды. Бұл дерек бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, тексеру жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай қалыпты", — деді КУИС өкілдері.

Тергеу барысы комитет басшылығының тікелей бақылауында.

Айта кетейік, былтыр Павлодарда колония басшысы болған бұрынғы қызметкер сотталды: оның қарауындағы мекемеде бір сотталған екі жыл бойы еркін жүріп-тұрып, интернет қолданған, моншаға барған, спортзалға жаттыққан, өзге тұтқындарды қабылдап, қызметкерлер асханасында дастарқан да жайғызған.

Ал Түркістан облысында қатаң режимдегі колонияда бүлік ұйымдастырған сотталғандарға да үкім шықты. Сол бүлік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен ҚАЖ департаментінің бір қызметкері жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети