Абылай Мырзахметов екі айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абылай Мырзахметов екі айға қамалды Фото: Tengrinews.kz

"Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мырзахметов А.И.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұсталғаны хабарланған еді.

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді.

Күдікті Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети