Әділет министрлігі Желіде қызу талқыланып жатқан хабарламаны жоққа шығарды. Хабарламада алдағы референдумда Елбасының отбасы өмір бойы азаматтардың салығы есебінен өмір сүретініне кепілдік беретін түзетулер болатыны жазылған, - деп хабарлайды Stopfake.
Әділет министрлігі Желіде қызу талқыланып жатқан хабарламаны жоққа шығарды. Хабарламада алдағы референдумда Елбасының отбасы өмір бойы азаматтардың салығы есебінен өмір сүретініне кепілдік беретін түзетулер болатыны жазылған, - деп хабарлайды Stopfake.
Telegram-чаттарда 5 маусымда өтетін республикалық референдум барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының барлық мүшесіне қол сұқпауға кепілдік беретін және оларды азаматтардың салығы есебінен өмір бойы асырауға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданатыны туралы ақпарат тарады.
ҚР Әділет министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасына сәйкес үш норманы өзгерту ұсынылды:
- 42-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталады, оған сәйкес бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
- 46-баптың 4-тармағы алып тасталады. Онда Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттіктері Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалатыны жазылған.
Қазіргі уақытта Тұңғыш Президенттің құқықтық мәртебесі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" жеке Конституциялық заңмен реттеледі. Тұңғыш Президентке және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қол сұғылмаушылық аталған Конституциялық заңда белгіленген.
Бұл норма Конституциядан алып тасталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасын Конституция нормаларына сәйкес келтіру үшін осы заңды жою қажет болады", - деп хабарлады Әділет министрлігі.
Сондай-ақ, референдумда Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты аталған ережелерді алып тастау ұсынылады.
"Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкес Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді.
Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты аталған ережелерді алып тастау ұсынылады.
Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне және оның отбасына жаңа кепілдіктер беруді көздемейтінін хабарлаймыз. Керісінше, Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасында Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты барлық нормаларды алып тастау ұсынылады", – делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Кейін Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!