06 қазан 2024 | 08:07

АЭС бойынша референдум: тікелей эфир

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум басталды. Massaget.kz тілшісі бүгін, 6 қазанда елде не болып жатқанын онлайн режимде айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум басталды. Massaget.kz тілшісі бүгін, 6 қазанда елде не болып жатқанын онлайн режимде айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің өкілдері ұсынған мәліметтері мен есептеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.

Қазақстандықтарға АЭС бойынша референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньде бір сұраққа жауап беру қажет: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?" Жауаптың екі нұсқасы бар: "иә, келісемін" немесе "жоқ, келіспеймін".

  • 07:00

Дауыс беру учаскелері 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, кейбір учаскелер, мысалы, әскери бөлімдер таңғы 6-да ашылды.

  • 07:03

Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар төрт сағат бұрын дауыс берді. Сеулдегі №390 және Токиодағы №393 сайлау учаскелері бірінші болып ашылды.

  • 07:10

Премьер-министр Олжас Бектенов Оқушылар сарайындағы учаскеде дауыс берді.

  • 07:45

Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров 7:00-дегі жағдай бойынша нәтиже қандай екенін айтты.

"Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 7:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті. 84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылданған шешімдеріне сәйкес дауыс беру сағат 06:00-де басталды. Тізімге 12 миллион 244 мың 683 азамат енгізілген. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығына 10 623 есептен шығару куәлігін берді", - деді Петров.

  • 07:47

Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр. Таңертеңнен бастап ауылдың 150-ден аса тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.21   550.47   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети