6 ақпанда Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite халықаралық бокс турнирінің жартылай финалы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан Үндістан өкілі Ядумани Сингхке еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал оның туған бауыры Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта үндістандық Хитешті дәл осы есеппен тас-талқан етіп, финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, Қазақстанның тағы бір танымал ағайынды шеберлері - Айбек пен Нұрбек Оралбай да Испаниядағы турнирдің финалына шықты.
90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айбек Украина спортшысы Андрей Халецкиймен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) қазақстандық боксшының жеңісін тіркеп, оны финалға шығарды.
85 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай Испания өкілі Рикардо Адриан Фреснедамен кездесті. Үш раунд бойы Нұрбек қарсыласынан сенімдірек көрініп, төрешілердің бөлінген шешімімен (3:2) жеңіске жетті де финалға өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Boxam Elite 2026 турнирінің финалына шыққан қазақстандық боксшылар қатарына бұған қоса Санжар Ташкенбай, Аман Қонысбеков және Сағындық Тоғамбай да қосылды.
Әйелдер арасында шешуші кезеңге Назерке Серік, Умида Садықова және Панар Сеитханқызы жетті.
Айта кетейік, Boxam Elite 2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан күндері өтіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!