"Аграрлық несие корпорация" АҚ экс-төрағасы қамалды

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аграрлық несие корпорация" АҚ экс-төрағасы қамалды © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова "Аграрлық несие корпорация" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың 5,3 миллиард теңгені заңсыз жолмен банк есепшотына салып, пайда тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова "Аграрлық несие корпорация" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың 5,3 миллиард теңгені заңсыз жолмен банк есепшотына салып, пайда тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік квазимемлекеттік компаниялардың екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді депозиттік шоттарына миллиардтаған бюджет қаражатын негізсіз орналастыру фактісін тергеп жатыр. Бұл ақша нақты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бөлініпті.

Алайда квазимемлекеттік сектордың жекелеген лауазымды тұлғалары бұл қаржыны заңсыз жолмен пайда табу үшін пайдаланған.

"2017-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігі "Аграрлық несие корпорация" АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың басшылығымен банктегі депозитке 5,3 миллиард теңге салынған. Сарыбаев жүйелі түрде жеке тұлғадан 11 миллион теңге көлемінде пара және 53,5 миллон теңге көлемінде банктің сыйақысын алған", - дейді Сымбат Исрапулова баспасөз мәслихатында.

Нармұхан Сарыбаев. Фото: kazagro.kz

Оның айтуынша, 2019 жылы Нармұхан Сарыбаев "Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығы" ЖШС басқарма төрағасы болып сайланғаннан кейін де бұрынғы әдетіне басыпты. Ол жоғарыдағы әдіспен екінші деңгейлі банктің депозиттік шотына 1 миллард теңге салған. Осылайша, басшы жүйелі түрде 1,5 миллон теңге көлемінде пара алып отырған.

"Қазіргі уақытта Сарыбаев Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттіктің бас сарапшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети