Air Astana Ирандағы жағдайға байланысты Таяу Шығысқа рейстерін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Astana Ирандағы жағдайға байланысты Таяу Шығысқа рейстерін тоқтатты Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Air Astana әуекомпаниясы 28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығысқа бағытталған кейбір рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Air Astana әуекомпаниясы 28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығысқа бағытталған кейбір рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады. Алматы-Дубай KC899 Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты", - делінген хабарламада.

Әуекомпания жағдайды жіті бақылап отырғанын және жолаушыларды тасымалдау мәселесін шешіп жатқанын атап өтті.

"Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер болуы мүмкін. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.

Барлық сұрақ бойынша төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу сұралады:

Air Astana
Брондау және ақпарат орталығы (тәулік бойы):
📧 help.airastana.com
📞 +7 727 244 4477
📞 +7 7172 584477
📞 +7 702 702 4477
📞 Рейс кешіккен жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78
📱 WhatsApp: +7 702 702 00 74
💻 Онлайн-чат: airastana.com

FlyArystan
📱 WhatsApp: +7 702 702 02 27
💻 Live-chat: FlyArystan қосымшасы / flyarystan.com
📞 +7 727 3311010 (08:00 – 20:00)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети