Air India әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air India әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды Әлеуметтік желіден

Үндістанда кейінгі онжылдықтағы ең ірі әуе апатына қатысты алдын ала тергеуде оның басты себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда кейінгі онжылдықтағы ең ірі әуе апатына қатысты алдын ала тергеуде оның басты себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Әуе оқиғаларын тергеу бюросына (AAIB) мәліметінше, 12 маусымда Ахмадабад қаласында Air India 171 рейсі апатқа ұшыраған. Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы әуеге көтерілген соң небәрі 29 секунд өткенде құлаған. Ұшақ Лондонға бағыт алған еді. Кейінгі деректер бойынша, 260 адам қаза тапқан, оның ішінде жерде болған 19 адам ажал құшты. Тек бір жолаушы тірі қалған.

Ұшақ бортында не болды?

Алдын ала есепке сәйкес, ұшып көтерілу кезінде-ақ қозғалтқыштар тартылыс күшін жоғалта бастаған. Бұл уақытта жанармай беру тетіктері "RUN" күйінен "CUTOFF" күйіне ауысып, қозғалтқыштарға жанармай жетпей тоқтаған. Ұшқыштардың бірі әріптесінен: "Неге жанармайды өшірдің?" – деп сұраған. Ол: "Мен ештеңе өшірген жоқпын," – деп жауап берген. Бірнеше секунд ішінде олар жанармай беруді қалпына келтірмек болғанымен, биіктік пен уақыт жетпей, қозғалтқыштарды қайта іске қосу мүмкін болмаған.

Мамандардың айтуынша, жанармай тетіктері кездейсоқ ауысып кетуден қорғалған. Олар тек әдейі немесе техникалық ақау кезінде "CUTOFF" күйіне ауыса алады. Қазір тергеу жалғасып жатыр, түпкілікті қорытынды әзірге жарияланған жоқ.

Ұшақта кімдер болған?

Бортта Үндістан, Польша және Венгрия азаматтары болған. Бұл Air India әуе компаниясының жаңа буын пилоттары үшін алғашқы халықаралық миссиялардың бірі еді.

Жалғыз тірі қалған адам - ұлыбританиялық 40 жастағы жолаушы. Ол ұшақтың артқы шығу есігіне жақын орналасқан және қауіпсіздік белдігін таққан күйде болған. Қазір ол ауруханадан шыққан және тергеуге куәлік берген.

Air India әуе компаниясы қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, тергеуге толық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, 12 маусымда Air India компаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмадабадтан Лондонға ұшып шыққан соң көп ұзамай апатқа ұшырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети