Ақ үйден жарияланған кадрлар: Иранға соққы жасалған сәтте Трамп жанында кімдер болды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
The White House The White House

Ақ үй Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасалған сәтте бұл операцияны бақылап отырған АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның командасының суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақ үй Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасалған сәтте бұл операцияны бақылап отырған АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның командасының суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Трамп АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен шығып, АҚШ-қа қайтып бара жатыр. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі бұл шабуыл туралы Израильді алдын ала құлағдар еткен. Иран бұл әуе шабуылдарын растады.

Бұған дейін Трамп екі апта ішінде Иранға соққы жасау жөнінде шешім қабылдайтынын айтқан еді. Ал АҚШ вице-президенті елдің бұл соғысқа тікелей араласуына қарсы болған.

АҚШ-тың Ирандағы нысандарға жасаған шабуылы Израиль мен Иран арасындағы бір аптадан аса уақытқа созылған әуе қақтығыстары аясында болды. Қақтығыстар салдарынан екі елде де қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Ақ үйдегі жедел басқару орталығында кімдер болды?

X әлеуметтік желісінде Ақ үй парақшасында жарияланған кадрларда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Пентагон басшысы Пит Хегсет, Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Джон Рэтклифф көрсетілген.

Ситуациялық бөлмеде АҚШ-тың Иранмен соғысқа қатысуына қарсы болған АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer