Ақмола облысында 11 көлік соқтығысты: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 11 көлік соқтығысты: видео Видеодан алынған кадр

Екатеринбург - Алматы тас жолында, Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында ірі жол апаты болды. 11 көлік соқтығысып, салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екатеринбург - Алматы тас жолында, Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында ірі жол апаты болды. 11 көлік соқтығысып, салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Ақмола облысындағы тасжолда болған ірі жол апатының видеосы тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГОРОДСКОЙ ПАБЛИК КАРАГАНДА💫 (@forum_krg)

Екатеринбург - Алматы тасжолының 1318-шақырымында, Бірсуат ауылына жақын жерде бірнеше көліктің соқтығысты.

"Оқиға орнына барған полицейлер Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, жылдамдықты шектен асырып, сол бағытта келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқанын анықтады. Оқиға салдарынан 11 көлік соқтығысты", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Полиция ауруханаға жарақат алып, зардап шеккен бес адам жеткізілгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети