Ақмола облысында 31 жастағы әйел жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 31 жастағы әйел жоғалып кетті Фото:depositphotos.com

Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 19:00 шамасында Астрахан ауданының 31 жастағы тұрғыны үйден шығып кетіп, оралмаған.

Әйелдің жоғалып кеткені жөнінде туыстары хабар беріп, оның тұрған жерін анықтауға көмек сұрап, полиция бөліміне хабарласқан.

Одан кейін іздестіру шаралары ұйымдастырылып, аумақтық бөлімшелер мен көрші облыстарға із-түзсіз жоғалған адам туралы хабар таратылған.

Әйелдің белгілері: бойы - 158 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ұзын қара, қой көз. Ол ашық джинс шалбар, қара капюшоны бар қара күртке және ақ кроссовка киген.

"Полиция департаменті із-түзсіз жоғалған Екатерина Александровна Боялскаяның қайда болуы мүмкін екені туралы білетіндер болса дереу 102 нөміріне хабарлауды өтінді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети