Ақмола облысында 5 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 5 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының Шортанды ауданында полиция департаментінің жедел қызмет бөлімшелері 45 жастағы шетелдікті ұстады. Ол бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының Шортанды ауданында полиция департаментінің жедел қызмет бөлімшелері 45 жастағы шетелдікті ұстады. Ол бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының анықтауынша, ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілген. Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеу органдарынан бой тасалап үлгеріп, 2021 жылы Қазақстан аумағына келген.

Бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген ер адам елдің әр өңірінде тұрып, Шымкент пен Астана қалаларындағы құрылыс нысандарында қара жұмысшы болып еңбек еткен.

2025 жылғы желтоқсанда ол Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кентіне келген. Дәл осы жерде полицейлер оны анықтап, ұстады.

Қазір полиция тексеру шараларын жүргізіп, қажеттматериалдарды жинауда және істің өзге де мән-жайларын анықтап жатыр. Тергеу кезеңінде ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны іздеуді бастаған тарапқа әрі қарай беру мәселесі заңда белгіленген тәртіппен шешіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.1  course up  598.66  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети