Ақмола облысында ЭЦҚ пайдалану арқылы бюджет қаражаты ұрланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында ЭЦҚ пайдалану арқылы бюджет қаражаты ұрланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппаратында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рүстем Танабаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша кездесу өтті.
Кеңес барысында қатысушыларға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою туралы ұсыныстарды түсіндіру бойынша ақпарат (ҚР ҚПК 200-бабы аясында) жеткізілді.
Мәселен, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында Бурабай ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы оның тұрақты пайдалануындағы басшының электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы қызметкерлердің карточкалық шоттарына өз жалақысы ретінде ақша қаражатын негізсіз аудару жолымен 2 526 863 теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды, сома сот-экономикалық сараптама қорытындысымен расталған. Қылмыстық қудалау органы қабылдаған түбегейлі шаралардың нәтижесінде жоғарыда көрсетілген қаражат мемлекет кірісіне өтелді.
Аталған бұзушылық ауданның тиісті мемлекеттік органдары басшыларының тарапынан бақылаудың болмауына, сондай-ақ құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғаларының тікелей міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты жол берілген.
Кездесу соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Бурабай ауданының қаржы бөлімі тарапынан еңбекақы төлеу қорындағы бюджет қаражатын жұмсауды жоспарлауға бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу, сондай-ақ әкімдіктің дербес бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін компьютерлік сауаттылық және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану негіздеріне оқыту семинар-кеңестерін өткізу қажеттігін көрсетті.
"Мемлекеттік ақшаны тиімсіз пайдалану мен ұрлаудың кез келген алғышарттары мен жағдайларының жолын кесуді тағы да атап өткім келеді. Сондықтан да қатысушыларды адалдыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге, сондай - ақ сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға шақырамын", - деп аяқтады өз сөзін Рүстем Танабаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!