Ақмола облысында жолаушы өзіне ескерту жасаған такси жүргізушісін соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жолаушы өзіне ескерту жасаған такси жүргізушісін соққыға жыққан Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында клиенттің такси жүргізушісін ұрып-соғуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында клиенттің такси жүргізушісін ұрып-соғуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкшетау полиция басқармасына 47 жастағы ер адам өзіне шабуыл жасағаны туралы арызданды.

Жәбірленушінің сөзінше, 28 қаңтарда InDriver қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті алып кеткен. Жолаушы рұқсатсыз көлік салонында темекі тұтатқан. Жүргізуші оған ескерту жасағанда, екеуі сөзге келіп қалған. Соңында такси жүргізушісі сапарды аяқтамақ болады. Көлікті тоқтатып, клиенттің шығуын өтініп, есікті ашқан. Алайда жолаушы жүргізушіге шабуыл жасап, оның денесіне зақым келтірген.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети