Ақмола облысындағы тасжолда 7 көлік соқтығысты: қаза тапқан адам бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы тасжолда 7 көлік соқтығысты: қаза тапқан адам бар Видео кадры

Ақмола облысында тасжолда бірден жеті көлік соқтығысты. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында тасжолда бірден жеті көлік соқтығысты. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында адам көп, полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Astana 🇰🇿 (@astana.times)

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 13 желтоқсанда Павлодар бағытына қарай, Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94–95-шақырымында жеті көлік жол апатына ұшыраған.

Алдын ала дерек бойынша, апат салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға бойынша полиция соталды тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

Полиция мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды, әсіресе қозғалыс тығыз учаскелерде абай болу, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын қадағалау қажет екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети