АҚШ барлау басшысы Обаманы Трампқа қарсы астыртын жоспар ұйымдастырды деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ барлау басшысы Обаманы Трампқа қарсы астыртын жоспар ұйымдастырды деп айыптады Фото:depositphotos.com

Дональд Трамп әкімшілігінің барлау қызметінің басшысы Тулси Габбард бұрынғы АҚШ президенті Барак Обаманы және ұлттық қауіпсіздік саласының бірқатар жоғары лауазымды қызметкерін 2016 жылғы президенттік сайлауға Ресейдің араласуы туралы әңгімені ойлап тапты деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дональд Трамп әкімшілігінің барлау қызметінің басшысы Тулси Габбард бұрынғы АҚШ президенті Барак Обаманы және ұлттық қауіпсіздік саласының бірқатар жоғары лауазымды қызметкерін 2016 жылғы президенттік сайлауға Ресейдің араласуы туралы әңгімені ойлап тапты деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол мұны "сатқындық сипатындағы астыртын қастандық" деп атап, қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Габбардтың айтуынша, Обама мен оның командасы барлау мәліметтерін қолдан жасап, шындықты жасырған және Трампқа президент ретінде жұмыс істеуге кедергі келтіру үшін "төңкеріс" ұйымдастырмақ болған.

"Бүгін біз жариялап отырған ақпарат 2016 жылы мемлекетіміздің ең жоғарғы деңгейіндегі шенеуніктер жасаған қастандық болғанын анық көрсетеді. Олардың мақсаты - америкалықтардың еркін бұрмалап, бірнеше жылға созылған төңкеріс ұйымдастыру арқылы сайланған президенттің халық берген мандатын орындауына жол бермеу. Қызметі мен билігіне қарамастан, бұл қастандыққа қатысы бар әр адам заң алдында жауап беруі керек. Сонда ғана мұндай жағдайлар қайталанбайды", — деді Тулси Габбард.

Ол өз айыптауларын дәлелдейтін құжаттарды АҚШ Әділет министрлігіне жолдағанын мәлімдеді. Құжаттар арасында Обама әкімшілігінің 2016 жылғы сайлауға қатысты киберқауіптер жөніндегі ішінара құпия ашылған барлау бағасы мен Джеймс Клэппердің кеңсесіне тиесілі бірқатар бұрын құпия болған меморандумдар бар. Джеймс Клэппер Обама тұсында ұлттық барлау директоры қызметін атқарған.

Сонымен қатар, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Тулси Габбардты құттықтап, оның әрекеттерін қолдады.

"FoxNews арнасындағы жас әрі талантты Харрисон Филдстің тамаша жұмысы. Обама мен сайлауды ең жоғарғы деңгейде бұрмалаған "қанішерлерді" жауапқа тарту жөніндегі панель өте әсерлі болды. Тулси Габбардты құттықтаймын. Осы бағытта жалғастыра беріңіз!", - деп жазды Трамп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети