АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді Фото:depositphotos.com

АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euro News-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та H5N5 құс тұмауы штамынан алғаш рет адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euro News-ке сілтеме жасап.

Вашингтон штатының денсаулық сақтау департаменті марқұм қарт болғанын және ауыр созылмалы аурулары болғанын мәлімдеді. Ол жұқтырған H5N5 құс тұмауының штамы бұған дейін адамдарда кездеспеген.

Билік мәліметінше, науқастың үйінің ауласында түрлі құстар болған.

"Денсаулық сақтау органдарының өкілдері халық үшін қауіптің төмен екенін атап өтті. Науқаспен байланыста болған ешбір адамда оң нәтиже анықталмағаны және вирустың адамнан адамға жұғуын растайтын дәлелдер жоқ екені айтылды", – делінген хабарламада.

Құс тұмауы – құс популяцияларында бірнеше онжылдық бойы кездесіп келе жатқан вирус, алайда кейінгі жылдары ол сүтқоректілерге жиі жұға бастады. 2024 жылы АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі миллиондаған құстарды зақымдаған құс тұмауының штамы кейбір сүтқоректілерден де анықталғанын мәлімдеді.

"АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректері бойынша, қазір АҚШ-та кем дегенде 70 адам жұқтырғаны расталды", – деп жазады басылым.

ABC News дерегінше, көп жағдайда ауру жеңіл түрде өткен – мысалы, көздің қызаруы мен дене қызуының көтерілуімен шектелген, ал кейбір науқастарда анағұрлым ауыр белгілер байқалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети