АҚШ-та тікұшақ құлады: борттағы барлық адам қаза тапты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та тікұшақ құлады: борттағы барлық адам қаза тапты Фото:depositphotos.com

Миннесота штатының Твин-Сити әуежайы маңында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миннесота штатының Твин-Сити әуежайы маңында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұл ақпаратты Лейквилл қаласының полициясы растаған.

Құқық қорғаушылар құлаған тікұшақтың Robinson R66 маркалы екенін анықтаған. Ол Эйрлейк әуежайының батыс жағында құлаған.

Құтқару қызметі апаттан тірі қалғандар жоғын мәлімдеді. Әзірге бортта болған адамдардың нақты саны белгісіз.

Robinson R66 – бір пилот пен төрт жолаушыға арналған бірмоторлы турбиналық тікұшақ.

Апат болған аумақ – елді мекеннен алыс, жерде ешкім зардап шеккен жоқ.

АҚШ Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі тікұшақ белгісіз себеппен құлап, өртеніп кеткенін айтты. Кеңес өкілі жексенбіде апат орнына барып, оқиғаны тіркеп, әуе кемесін тексереді. Кейін тікұшақ әрі қарай сараптама жүргізу үшін күзетілетін аймаққа жеткізіледі.

АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігі де оқиғадан хабардар болып, мамандарын жолдаған. Тергеу екі ведомствоның бірлесуімен жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети