АҚШ-та Трамп қонақүйінің жанында Tesla көлігі жарылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та Трамп қонақүйінің жанында Tesla көлігі жарылып кетті Фото: видео кадры

Құқық қорғау органдары Лас-Вегастағы Trump International қонақүйінің маңында болған Tesla көлігінің жарылысын теракт ретінде қарастырып жатыр. Трамптың жақынына айналған әрі Tesla шығаратын компанияның иесі Илон Маск жеке тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдары Лас-Вегастағы Trump International қонақүйінің маңында болған Tesla көлігінің жарылысын теракт ретінде қарастырып жатыр. Трамптың жақынына айналған әрі Tesla шығаратын компанияның иесі Илон Маск жеке тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін"

X платформасында Илон Маск электромобильдің жарылуына қатысты ақпаратқа сілтеме жасай отырып, "Мен бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін" деп жазды.

"Біз қазір жарылыстың жалға алынған өте күшті фейерверк немесе бомбаның әсерінен болғанына көз жеткіздік. Жарылыстың көліктің өзіне еш қатысы жоқ екеніне сенімдіміз. Жарылыс кезінде көліктің барлық телеметриялық деректері сақталды", - деп жазды ол кейінірек.

Лаңкестік әрекетке қатысы бар ма?

Маск сонымен қатар Лас-Вегастағы жарылыс пен Жаңа Орлеандағы лаңкестік әрекеттің бір-бірімен байланысты екенін айтты:

"Лас-Вегастағы электромобиль де, Жаңа Орлеандағы пикап та бір компаниядан жалға алынған" деп жазды ол.

Оқиға Трамп отбасын да бей-жай қалдырмады. АҚШ президентінің ұлы, Трамп ұйымының атқарушы вице-президенті Эрик Трамп оқиға туралы әлеуметтік желіде жазды.

"Бүгін таңертең Trump Las Vegas қонақүйінің маңында электр көлігінің өртенгені туралы хабардар болдық. Қонақтар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі мен олардың жағдайы біздің басты жауапкершілігіміз болып қала береді", - деді ол.

Ақ үй мәлімдемесі

Ақ үй президент Джо Байден де бұл жағдай туралы хабардар екенін жазды. Сондай-ақ, Байден командасына кез келген федералды көмек көрсетуге дайын болу керектігін тапсырған.

Лас-Вегас полиция департаменті көлік жүргізушісі қонақүй тұрағына тоқтағаннан кейін көлік жарылғанын айтты. Жүргізуші оқиға орнында бірден көз жұмды. Әзірге ресми ақпараттарға сенсек, жүргізуші оқиғаның жалғыз құрбаны. Құзырлы органдардың хабарлауынша, оқиға орнындағы жеті адам жеңіл жарақат алған.

Тергеушілер жарылысқа не себеп болғанын білмей отыр. Бірақ ABC News дереккөзінің айтуынша, Tesla Cybertruck көлігінде отшашуға ұқсайтын минометтер болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети