АҚШ-тың бірінші ханымы Владимир Путинге балаларды және болашақ ұрпақты қорғауға шақырып, арнайы хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл хатты Дональд Трамп Аляскадағы саммит кезінде Ресей басшысына табыстаған. FoxNews редакциясына құжаттың көшірмесі түскен.
"Әр бала махаббат, мүмкіндік пен қауіпсіздіксіз ортада өмір сүруді армандайды. Әлем басшылары осыны қамтамасыз етіп, бәріне әділетті, бейбіт болашақ құруға жауапты", - делінген хатта.
"Жаңа өмірге келген әрбір ұрпақ географиядан да, биліктен де, идеологиядан да жоғары тұрған кіршіксіз тазалықпен бастайды. Балалардың осы тазалығын қорғау арқылы сіз Ресейге ғана емес, бүкіл адамзатқа қызмет етесіз. Бұл батыл ой барлық кедергілерді еңсере алады. Ал сіз, Путин мырза, оны бір ғана қол қою арқылы іске асыра аласыз. Уақыт жетті", – делінген хатта.
Бірінші ханым Путин "балаларға олардың шат күлкісін қайтара алатынын" айтқан.
Еске салайық, Трамп Аляскадағы келіссөздердің қорытындысын "өте табысты және тамаша күн" деп сипаттаған болатын. Ол дүйсенбіде Вашингтонда Зеленскиймен кездесетінін және сәтті өтсе, Ресей президентімен жаңа келіссөздер ұйымдастыратынын хабарлаған. Сондай-ақ Ақ үй басшысы "бес соғысты тоқтаттым" деп мәлімдеп, Нобель сыйлығына лайық екенін астарлап жеткізген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!