Ақсуда бес жастағы қыз ыстық су толы шұңқырға түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсуда бес жастағы қыз ыстық су толы шұңқырға түсіп кетті Фото:depositphotos.com

Ақсу қаласында 5 жастағы қыз бала ыстық суға толы шұңқырға түсіп кетіп, күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсу қаласында 5 жастағы қыз бала ыстық суға толы шұңқырға түсіп кетіп, күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, шұңқыр балалар ойнап жүрген алаңның маңында құбыр жарылғаннан кейін пайда болған.

Ақсу әкімдігі баланың жарақат алғанын растады. Олардың мәліметінше, оқиға 6 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында дүкендердің бірінің қарсы бетінде болған.

"Бала Ауэзов көшесіндегі ыстық су құбыры тесілген жерден пайда болған шұңқырға түсіп кеткен. Дене және аяқ күйіктерімен (I-III дәрежелі) Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Күйік көлемі – 17 пайыз", – деп мәлімдеді әкімдіктен.

Қазір зардап шеккен қыздың жағдайы орташа ауыр, ол травматология бөлімшесінде жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети