Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Вице-премьер ұшақтың зақымдану себебін айта алмады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Вице-премьер ұшақтың зақымдану себебін айта алмады Кадрлер видеодан

Вице-премьер Қанат Бозымбаев брифингте өткен жылдың желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағы не себепті зақымданғаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев брифингте өткен жылдың желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағы не себепті зақымданғаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілер вице-премьерден "Алдын ала тергеу барысында ұшаққа "Сыртқы объектілердің енуі" салдарынан "тұтас тесіп өткен" зақым келгені айтылды. Тергеу комиссиясы осы нұсқаны әлі ұстанып отыр ма, әлде басқа нұсқа бар ма?" деп сұрады.


Қанат Бозымбаев бұл сұраққа былай деп жауап берді:

"Фюзеляж ішінде сыртқы объектілердің сынықтары табылды, олар толықтай тергеу-оперативтік топпен алынды. Қазір бұл заттарды Қазақстанның Бас прокуратурасы жарылыс-техникалық криминалистикалық сараптамаға жіберді. Біз сол сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Тек сол сараптама негізінде нақты не болғанын айтуға болады. Көзбен қарағанда – мен өзім де сол тесіктерді көрдім, қолмен ұстап та көрдім. Сондықтан қандай да бір қорытынды тек криминалистикалық және жарылыс-техникалық сараптама нәтижесіне сүйеніп жасалады. Біз ұшақтың қашан зақымданғанын білеміз, бірақ немен зақымданғанын білмейміз. Осы "немен зақымданғанын" анықтау үшін құқық қорғау органдары тағайындаған екі сараптаманың нәтижесі қажет", – деді вице-премьер.

Біз Бас прокуратура бұл сараптамалардың қорытындысын қашан ұсынатынын да нақтылауға тырыстық.

"Оны айту қиын. Өкінішке қарай, мұндай қару түрі Қазақстанда жоқ. Сондықтан Бас прокуратура бұл мәселеге қатысты тиісті елдерге сұрау салды", – деді Бозымбаев.


Еске салайық, 2024 жылдың 25 желтоқсанында таңертең Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы Қазақстанның батысында, Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети