Ақтауда халықаралық фестивальге қатысушылар аптап ыстықтан есінен танып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда халықаралық фестивальге қатысушылар аптап ыстықтан есінен танып қалған lada.kz

27 шілде, жексенбіде Ақтауда өтіп жатқан халықаралық өнер байқауы – AKTAU-MUSIC-FEST фестивалі қатысушылар мен көрермендердің бірі аптап ыстықтан есінен танып қалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 шілде, жексенбіде Ақтауда өтіп жатқан халықаралық өнер байқауы – AKTAU-MUSIC-FEST фестивалі қатысушылар мен көрермендердің бірі аптап ыстықтан есінен танып қалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, байқау өтіп жатқан Мұрат Өскенбаев атындағы филармония залында кондиционерлер жұмыс істемейді. Ғимарат ішінде ауа жоқ. Фестивальге қатысушылар таңғы сағат 10-нан бастап салқындатылмаған бөлмелерде отыруға мәжбүр болған.

Түске қарай бірнеше қыз бала есінен танып қалған. Зардап шеккендерге жедел жәрдем шақырылып, алғашқы көмек көрсетілді. Алайда ата-аналардың сөзінше, кейбір балалардың жағдайы әлі де жақсы емес.

Алдын ала мәлімет бойынша, концерт сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Ашуға булыққан ата-аналар: "аптап ыстықта, әсіресе балалар үшін қарапайым жағдай жасалмай, мұндай ауқымды шараны қалай өткізуге болады?" – деп наразылық білдірді.

Оқиға орнында әкімдік өкілдері болмаған. Lada.kz тілшісі филармонияға хабарласқан соң, мәдениет мекемесінің өкілі: "кондиционерлер жұмыс істеп тұр, бірақ жүктемеге шыдамай жатыр", – деп түсіндірген.

Ата-аналар шұғыл шара қабылдап, балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауды талап етіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети