Ақтауда тоғыз қабатты үйдің тұрғындары бес ай бойы ауызсусыз отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда тоғыз қабатты үйдің тұрғындары бес ай бойы ауызсусыз отыр azh.kz

Ақтауда 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйдің тұрғындары бес айдан бері ауызсусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйдің тұрғындары бес айдан бері ауызсусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маусымда жоғарғы қабаттарға су айдайтын сорғы жанып кеткеннен кейін адамдар сусыз қалған. Тұрғындардың айтуынша, олар бірнеше мәрте үй төрағасына жүгінген, бірақ ол "сорғыны өздеріңіз ақша жинап алыңыздар" деп жауап берген. ПИТК-нің қаражаты жоғы айтылған.

Тұрғындардың сөзінше, төраға Сахы Түзелбаев басқаратын "Татьяна" ПИТК дәл осы үйде орналасқан, мұнда "су бар", сондықтан олар мәселені шешкісі келмейді.

Қазірге дейін шамамен 370 мың теңге жиналған, бұл жаңа насос алуға жетеді. Алайда үй ішінде пікірталас туған: кейбірі 800 мың теңге тұратын қымбатырақ насос алуды талап етеді.

Адамдар қала және облыс әкімдіктеріне, прокуратураға, сондай-ақ "Каспий жылу, су арнасы" ШЖҚ МКК-ға дейін барлық инстанцияға жүгінгендерін айтады, бірақ тек формал жауаптар алған.

"Ешкім төрағаға ықпал ете алмай отыр. Ол мүлде әрекет етпейді. Тіпті кіреберістегі шамдарды да ауыстырмайды", - деп шағымданады тұрғындар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети