Ақтаудағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында 18-қабаттан құлаған қыз көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында 18-қабаттан құлаған қыз көз жұмды Куәгер ұсынған сурет

Ақтауда 17-шағынаудандағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында қыз 18-қабаттан құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 17-шағынаудандағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында қыз 18-қабаттан құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

"Жұмыстан үйге қайтып келе жатып, аула арқылы полицей көліктерінің зырғып өткенін естідім. Не болғанын көруге бардым. Әуелде ештеңе түсінбедім, кейін полицей көлігінің ар жағына өткенімде, қыздың мәйітін көрдім. Ол кіреберіске бір метр жетпей құлаған", - деді оқиғаның куәгері.

Қайғылы жағдай 18 қазанда таңертең болды. Сол күні кеште Маңғыстау облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі болған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның өзге де мән-жайлары нақтыланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети