Ақтаулық ер адам “Гелендвагенді“ өртегені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық ер адам “Гелендвагенді“ өртегені үшін сотталды Фото:depositphotos.com

Ақтауда сот әйелінің бастығының Mercedes-Benz G500 көлігін өртеп жіберген ер адамға қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда сот әйелінің бастығының Mercedes-Benz G500 көлігін өртеп жіберген ер адамға қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау тұрғыны өшпенділік салдарынан әйелінің жұмыс берушісіне тиесілі Mercedes-Benz G500 көлігін өртеп жібергені үшін айыпталды. Ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың және іс материалдарының айғақтарымен дәлелденді.

Прокурор айыпталушыны ескіру мерзімі өткеннен кейін жауапкершіліктен босатуды және істі қысқартуды сұрады. Алайда жәбірленуші жаза тағайындауды және материалдық шығынды өндіруді талап етті.

Ер адамның балаларының болуы және тұрғылықты жерінен мінездемесі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети