Қазақстандық қыз Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова ғылым жолында маңызды жетістікке қол жеткізді. Ол әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі - Оксфорд университетіне Teaching Fellow (оқытушы-зерттеуші) қызметіне тағайындалды.
Меруерт НИШ-ті 2019 жылы тәмамдап, кейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқуын жалғастырған. Ол жерде студенттік өмірге белсенді араласып, студенттер ассамблеясының президенті қызметін атқарған.
2025 жылы ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданды.
Түлектің айтуынша, Teaching Fellow лауазымына тағайындалуы - оның жүйелі еңбегіне берілген жоғары баға әрі университет тарапынан көрсетілген сенімнің белгісі. Енді ол ғылыми зерттеулерін жалғастырып қана қоймай, Оксфорд университетінің оқытушылар құрамында дәріс оқып, білім мен ғылым саласында жас буынға өз тәжірибесі мен білімін бөліседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!