Актер Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Асанәлі Әшімов дүниеден өтті pricom.kz

89 жасқа қараған шағында көрнекті қазақстандық актер және режиссер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеден өтті. Бұл туралы жексенбі, 21 желтоқсанда Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

89 жасқа қараған шағында көрнекті қазақстандық актер және режиссер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеден өтті. Бұл туралы жексенбі, 21 желтоқсанда Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асанәлі Әшімов - қазақтың театр және кино актері, режиссер, сценарист, педагог, Қазақстанның Еңбек Ері (2017), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980).

Ол 1937 жылғы 8 мамырда Қазақ КСР-інің Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр факультетін тәмамдады. 1961–1963 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында еңбек етті.

1963 жылдан бастап Алматыдағы М.О. Әуезов атындағы Қазақ драма театрында актер әрі режиссер болды. Театр сахнасындағы қызметі барысында шамамен 50-ге жуық рөл сомдады. 1987–1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.

Ол сондай-ақ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық етті. 2017 жылы актердің театр сахнасынан біржола кету туралы түпкілікті шешім қабылдағаны белгілі болды.

Көпшілікке "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Маньчжур нұсқасы", "Шоқан Уәлиханов", "Сіз кімсіз, Ка мырза?" және өзге де фильмдер арқылы кеңінен танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети