Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты. Өз сөзінде Президент Бас прокуратура жанындағы бір комитетті қайта атауды тапсырды.
"Үкіметке Бас прокуратураның заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп өзгертуге тапсырма беремін. Айта кетейін, Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен жақсы жұмыс жүргізді, қазынаға шамамен 850 миллиард теңге қайтарылды. Бұл қаражатқа 10 мектеп пен 4 спорт нысаны салынып жатыр, сондай-ақ 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымын салу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік,президент жыл сайынғы Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!