Бүгін Ақтөбе әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен Геолог мәдениет үйінде Қарғалы, Есет батыр елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Ақтөбе әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен Геолог мәдениет үйінде Қарғалы, Есет батыр елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов осы екі тұрғын алапта жасалып жатқан жұмыстарды баяндады.
Осыған дейін тұрғындар тарапынан әлеуметтік нысандардың жоқтығы туралы мәселе көтерілген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынып, қазір Есет батыр тұрғын алабында жаңа кітапхана және Мәдениет үйін салу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Жоба құны - 4,5 миллиард теңге.
Сондай-ақ Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектепке сыйымдылығы 600 адамдық жанама ғимарат салынады.
Ал "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында 2 000 орындық 2 мектептің құрылысы басталды. Келешек ауданында да 300 орынға арналған мектеп құрылысы басталып жатыр.
Ал Қарғалы тұрғын алабында 150 орындық көпсалалы Өнер мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар кітапхана, мұрағат ғимараттары салынады.
Қарғалы алабының 45 көшесіне, Есет батыр алабының 2-ықшамауданында екі көшеге жарықтандыру орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Есет батыр тұрғын алабында дене шынықтыру – сауықтыру ангарының құрылыс жұмыстары аяқталды. Оған қоса бассейні бар дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.
Қарғалы қалалық ауруханасына жанама салынып жатқан ғимарат құрылысы биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Есет батыр алабында мүгедек жандарға арналған 150 орындық "Реабилитация орталығының" құрылысы жүріп жатыр.
Қазір Есет батыр алабында су құбырларын ауыстыру және өрт сөндіру депосы ғимаратын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша жасалып жатқан жұмыстар да осы кездесуде кеңінен айтылды. Биыл Қарғалы және Есет батыр алаптарының тұрғындары өздерінің дауыс беруімен бес ойын алаңы, үш жаяу жүргіншілер жолы, жеті спорт алаңын жасау, сегіз саябақты және аула аумағын абаттандыру жобалары жүзеге асырылады.
Ал келесі жылы коттедждер қалашығында New Aktobe саябағын салуға, Қарғалы алабының Мира көшесінде тротуар орнатуға, 78-мектептің алдын абаттандыруға, Әзберген батыр мен Пацаев көшелерінің қиылысына футбол алаңын, Саржайлау көшесіне ойын алаңын салуға, футбол алаңын жөндеуге және Есет батыр алабының №18 үй аумағындағы ойын алаңдарын жөндеуге тұрғындар "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында дауыс берді.
Бұл жұмыстар және басқа да жоспарлар кездесу барысында тұрғындармен бірге талқыланды.
Кездесуден кейін қала әкімі Азамат Бекет жеке сұрақтары бойынша тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға жазылған 43 адам жазылды, барлығының мәселелерін заң аясында шешу жолдары қарастырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!