Ақтөбе - Маңғыстау бағытындағы пойызда балаға жатын сөре құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Ақтөбе - Маңғыстау бағытындағы пойызда балаға жатын сөре құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбе - Маңғыстау бағытындағы пойызда балаға жатын сөре құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға №110 пойыздың 16-вагонында болған. Жарақат алған қыздың анасының айтуынша, сөре дәл баланың үстіне түскен.

"Құдайға шүкір, үстінде адам жатқан жоқ, әйтпесе салдары ауыр болуы мүмкін еді. Сөрені әрең ұстап қалдым, ұстамасам не боларын білмеймін. Қалған жол бойы екінші сөре де құлап кете ме деп қорқып отырдық", - деді әйел.

Оның айтуынша, компания басшылығына жасаған шағымына жауап болмаған.

Компания өкілдері болса, сөренің бір жағындағы шынжыр үзілгенін, соның салдарынан оның бір бөлігі салбырап кеткенін түсіндірді.

"Адамға түскен жоқ, жағдай орнында шешілді, кейін жаңа сөре орнатылды", - деп мәлімдеді "Otpan Logistic" ЖШС.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети