Ақтөбе – Маңғыстау“ пойызы қайта іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе – Маңғыстау“ пойызы қайта іске қосылды rail-news.kz

Көлік министрлігі №109/110 "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша жолаушылар пойызы қатынасын қайта іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік министрлігі №109/110 "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша жолаушылар пойызы қатынасын қайта іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көп жыл бойы бұл бағытқа "Otpan Logistik" ЖШС секілді жекеменшік тасымалдаушы қызмет көрсетіп келген. Осы уақыт ішінде жолаушылардан вагондардың жай-күйіне қатысты көп шағым түскен. Соған байланысты бұл компаниямен жасалған келісім жолаушылар құрамын жаңарту жөніндегі міндеттемелер орындалмағандықтан бұзылды.

Енді "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша пойыз қатынасын ұлттық тасымалдаушы - "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүзеге асырады және отандық өндірістегі жаңа жолаушылар вагондары пайдаланылады.

Пойыз құрамында 5 купелік және 6 плацкарт вагон бар, олар 400-ден аса жолаушыға есептелген.

Көлік министрлігі бұл бағытты жаңарту - ел бойынша жолаушылар тасымалының сапасын арттыру және теміржол паркін жаңғырту жөніндегі жалпы бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті. Әсіресе пойыз негізгі көлік түрі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар бағыттарға ерекше назар аударылып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети