Ақтөбе облысында атасы мен немересі мінген көлік суға батты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында атасы мен немересі мінген көлік суға батты Ақтөбе тұрғындары ұсынған сурет

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған атасы мен немересін іздеу жұмыстары аяқталды. Олардың мәйіттері суға батқан көліктің ішінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған атасы мен немересін іздеу жұмыстары аяқталды. Олардың мәйіттері суға батқан көліктің ішінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай Хромтау ауданында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусымда 65 жастағы ер адам мен оның кәмелетке толмаған немересінің жоғалғаны туралы хабар түскен. Олар Toyota Hilux автокөлігімен Құдықсай ауылынан Бозжыр өңіріне бет алған, алайда қайта оралмаған.

Келесі күні іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, оған сүңгуірлер де тартылды.

"26 маусымда сағат 19:30-да Құдықсай ауылы маңындағы Орь өзенінің арнасын шолу кезінде көлік табылды. Сүңгуірлер 2,5 метр тереңдіктен, жағалаудан 4 метр қашықта баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ судан көлік пен ер адамның мәйіті де шығарылды", – делінген Ақтөбе облысы ТЖД хабарламасында.

Көліктің суға қалай кеткені әзірге белгісіз.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері тұрғындарды су айдындарының маңында қауіпсіздік шараларын сақтауға және қолжетімсіз жерлерде жүріп-тұрғанда өте мұқият болуға тағы да шақырды. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне бірден хабарласу қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети