Ақтөбе облысында қаржы пирамидасы белгілері бар компания анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 486
comments icon 0
Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасы белгілері бар компания анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасы белгілері бар компания анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін Crowd 1 халықаралық желілік ұйымы ретінде таныстырып, халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алуға қатысты құны мен түрлері бойынша ерекшеленетін "пакеттерге" ақша қаражатын инвестициялауды ұсынғаны анықталды", - деп хабарлады агенттікте.

Тергеу барысында "пакеттердің" бірнеше түрлері анықталды - ақ, қара, алтын және титан, олардың құны 99 еуродан 2 499 еуроға дейін жетеді.

Реклама
Реклама

"Осылайша, ұйымдастырушылар активтерді компанияға тартуды қамтамасыз етіп, кепілдендірілген пайда алуға уәде беріп отырған. Қазіргі бұл дерекке қатысты ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды", - деп хабарлады агенттікте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная