Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды Фото: видео скрині

Ақтөбе облысында бір топ бала кәмелетке толмағандарды себепсіз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында бір топ бала кәмелетке толмағандарды себепсіз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 сәуірде әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу барысында бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан видео анықталды.

Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алғада Niva көлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықтады.

Төбелес ұйымдастырғандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети