Бүгінге дейін облыс аумағында бой көтеріп жатқан баспаналардың бірде-бірінде құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. Құрылыс компаниялары жұмыс қарқынын арттыру үшін бар күш-жігерін салуда. Барлық үй күн салқындағанға дейін халық игілігіне берілуге тиіс.

Соның ішінде Ақтөбе облысы Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін үйлер салынуда. "Қамқор-Ақтөбе 2024" қорының қаржыландыруымен Ойыл ауданында Ойыл, Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар және Бестамақ ауылдарында 172 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның алғашқы 63-нде құрылыс аяқталды.
Қаратал ауылында жалпы саны 126 үй бой көтеруде. Бүгінгі күні құрылысшылар толықтай құрылысы аяқталған үйдің кілттерін иелеріне табыстаған. 38 отбасы жайлы әрі кең үйге көшіп, қоныстойларын тойлап үлгерді.
Ал қалған 88 үйді мердігерлер қыркүйек айында пайдалануға береміз деп отыр. Қазіргі уақытта бұл үйлердің қабырғалары тұрғызылды, шатырлары жабылды, есік-терезелері салынып, іштері әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл Қаратал ауылында көктемгі су тасқыны кезінде 210 үйге зақым келді. Бой көтерген 126 үйден бөлек, тағы 18 баспанаға жөндеу жұмыстары жасалды, 66 отбасы екінші нарықтан өздерінің қалауымен дайын үйді сатып алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!