Ақтөбе облысындағы ауылда дауыл салдарынан 35 үй шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. Оқиға туралы ауыл тұрғындары айтты.
Ақтөбе облысындағы ауылда дауыл салдарынан 35 үй шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. Оқиға туралы ауыл тұрғындары айтты.
9 тамызда сағат 21:30 шамасында Ойыл ауданы Көсембай ауылында қатты жел соқты. Дауылдың күшті болғаны соншалық, электр бағандарын, қоршауларды құлатып, үйлер мен қосалқы құрылыстардың шатырларын жұлып әкетті.
"Ауыл төңкерілді десек болады. Сиырлар мөңіреп, қойлар маңырады... Мал далаға кетті. Ауылда бағаналар құлады, әр жер қараңғы болды. Жұрттың аман қалғанына шүкір. Жел басылған соң ер адамдар құлаған шатырларды көтеруге, астында қалған малды шығаруға көшеге шықты", - дейді тұрғындар.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, дауыл салдарынан Қайыңды ауылдық округіне қарасты Көсембай ауылында 51 ғимараттың, оның ішінде 35 үйдің шатыры зақымданған. Ауылда барлығы 74 үй, 380 тұрғын бар. Ауыл тұрғындары өртсөндірушілермен бірге құлаған ағаштар мен жұлынған шатырларды алып жатыр.
Ауылда тоғыз бағана құлады, оның жетеуі қалпына келтірілді, учаскеде 15 жұмысшы 5 арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр. Барлық тірек қалпына келтірілгеннен кейін ауылға электр жарығы беріледі. Келтірілген шығын әлі бағаланған жоқ.
Көсембай Үйіл аудан орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.
Айта кетейк, Ақтөбе облысында қатты желден кейін ауыл тұрғындарының тең жартысының үйлері шатырсыз қалғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Еске салайық, 10 тамызда ақтөбеліктерге бұршақ жаууы мүмкін екені ескертілген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!