Ақтөбеде балаларды қолдау орталығынан үш жасөспірім қыз қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде  балаларды қолдау орталығынан үш жасөспірім қыз  қашып кеткен Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбедегі "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан үш тәрбиеленуші сырт киімсіз кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан үш тәрбиеленуші сырт киімсіз кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 23:00 шамасында "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешесі хабар берген. 2006 жылы туған үш қызды полиция мен еріктілер әлі іздеп жатыр.

"Манар Мырзакенова 2006 жылы туған. Бойы - 160 см. Дене бітімі орташа, шашы қара. Амина Тезекбаева да 2006 жылы туған. Бойы - 165 см. Дене бітімі арық, шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар. Жұлдызай Дошонова 2006 жылы туған. Сұр түсті спорттық киім киген. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған. Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан 102 немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңыраушалуды сұраймыз",- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети