Ақтөбеде Жастар күні тойланып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақтөбе облысы әкімдігі ұсынған сурет Ақтөбе облысы әкімдігі ұсынған сурет

10 тамыз күні 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Aqtobe Jastary - 2024" фестивалі өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

10 тамыз күні 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Aqtobe Jastary - 2024" фестивалі өтті.

Шараның мақсаты – әр саладағы жастар бастамаларын қолдау, қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру, жастардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, мерекелік көңіл күй сыйлау, мемлекеттік грант жеңімпаздары атанған мүмкіндігі шектеулі жастарға және жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жастарды қоғамға бейімдеу,ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау, ұлттық сананы нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды өзін – өзі дамытуға ынталандыру.

Фестивальде жастарға арналған түрлі алаңдар жұмыс жасады.
Демалыс алаңында аниматорлар, трансформерлер балалардың көңіл-күйлерін көтерсе, ересектер вертуалды көзілдірік ойыны, мафия ойындарын ойнады.

Ұлттық алаңда қала тұрғындары мен жастарықұмыра жасап, көркем суреттер ментекеметтер көрмесін тамашалап, ұлттық тағам түрлерінен ауыз тиді. Күйшілер күй шертіп, дәстүрлі әншілер ән айтып, жастартазы ит, бүркіт, қазақ ертегілерінің киіпкерлері және батырлармен суретке түсті.
Арт алаңында жастар сурет салуға арналған құрал жабдықтармен танысып, сезімдерін сурет салу арқылы жеткізуді меңгерді.

Ойын сауық алаңында жастар үстел теннисімен қатар түрлі ойындарды ойнады.Сонымен қатар, мемлекеттік грант жеңімпаздары атанған мүмкіндігі шектеулі жастар және жас кәсіпкерлер өз жұмыстарын таныстыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Фестиваль "Шексіз әлем" атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Фестивальде қала әкімінің орынбасары Қайрат Қуантайұлы
құздан оңайлықпен құламайтын, сыннан сағы сынбайтын, өресі биік, рухы мықты қала жастарын мерекелерімен құттықтап, алар асулары мен бағындырар белестерінің көп болуын тіледі. Сонымен қатар, қаламыздағы белсенді жастар ұйымдарын ("Алаш" мүгедектер қоғамдық бірлестігі, "Стимул +" мүгедектігі бар жастар орталығы, "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы, "Жүректен жүрекке" еріктілер тобы, "Eco Madeniet" волонтерлар қозғалысы, Ақтөбе ⁠"Жайдарман" филиалы) мерекелік алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Концерттік бағдарламада "Стимул +" мүгедектігі бар жастар орталығының өнерпаздары мен қаламызға танымал бір топ әншілер Жанерке Абдрахманова, Batys Group, Сагдат Булебаев, Шәмші, Қасым Ермек, Алиғазы Төртқара, Кукабай, Дәулет Ізмағамбетұлы, WestSound'sBand және "Танатар" лезгинка студиясы өз өнерлерін көрсетті.

Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Себебі жастарымыздың жаңа белестерге деген ұмтылыстары жаңа идеялардың туындауына себепші болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Ақтөбе облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro