Ақтөбеде көлік жардан құлап кете жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде көлік жардан құлап кете жаздады Видео кадры

Ақтөбеде автокөлік жардан құлап, өзенге түсіп кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде автокөлік жардан құлап, өзенге түсіп кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Оқиға қала шетінде, "Солтүстік айналма" республикалық маңызы бар автожолдың 13-шақырымында, Елек өзенінің маңында болған.

"ТЖМ қызметкерлері суға құлап кету қаупі төнген жеңіл автокөлікті сүйреп шығару бойынша құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында, арнаулы көлік қолданылып, автокөлік қауіпсіз жерге сүйреп шығарылды", – делінген хабарламада.

ТЖМ дерегінше, 2005 және 2008 жылы туған екі жігіт балық аулауға шыққан. Алайда жолда жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Автокөлік жолдан шығып, жар жаққа қарай сырғып кеткен.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ жыл басынан бері Қазақстанда жол-көлік оқиғалары 42 пайызға, зардап шеккендер саны 52 пайызға өскенін хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети