Ақтөбеде прокуратура қызметкері ұсталды: не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде прокуратура қызметкері ұсталды: не белгілі? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкерлерінің бірінің ұсталғаны туралы ақпаратқа ресми пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкерлерінің бірінің ұсталғаны туралы ақпаратқа ресми пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, прокуратура қызметкері соталды тергеп-тексеру аясында ұсталған.

Арнайы операцияны ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты және Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесіп жүргізген.

Қадағалау органының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2026 жылғы 17 ақпанда болған.

"Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді", - деді Ақтөбе облысының прокуратурасы.

Ведомство ұсталған адамның лауазымын, процестік мәртебесін және тергеу қай бап бойынша басталғанын нақтыламады.

Бұған дейін БАҚ-та прокуратура қызметкері ғимарат маңындағы автотұрақта 10 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталды деген ақпарат тараған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course down  579.41  course down  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети